Тағы да Алматыдағы көлік жарысы. Жүргізушілер ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YR51YWT7OU0PDu9YoOTNXl2YC3orGr22MyVTXf8r.webp

Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында бір топ жүргізуші қауіпті жарыс ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы белгілі болды.

Алматы қалалық ПД мәліметінше, мониторинг барысында жүргізушілердің қарсы бағытқа шығып, қауіпті маневрлер жасауы апатты жағдай туғызғаны анықталған. Сонымен қатар олар жол қауіпсіздігі талаптарын елемеген.

Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде тәртіп бұзған барлық қатысушылар анықталып, ұсталды. 

ПД айтуынша, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, олар қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, апатты жағдай туғызу, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау баптары бойынша жауапкершілікке тартылған.

 

Комментарии
Другие материалы