Президент білім беру саласында жаңа пән енгізу керектігін хабарлады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L9KkhEqXfA4mnYaZnXm60hLDEZUDzTVJsz06OLEF.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мектеп қабырғасынан бастау қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президенттің айтуынша, балаларға табиғатты аялау мәдениетін ерте жастан білім беру жүйесі арқылы үйрету маңызды.

"Тазалықтың тірегі – тәрбие. Балаларды экологиялық мәдениет пен еңбекке мектеп жасынан баулу қажет. Сондықтан экологиялық акцияларға оқушылар мен студенттердің белсене қатысқаны жөн", – деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Президент Оқу-ағарту министрлігіне “Жасыл сабақтар” жобасын енгізуді тапсырды. Аталған жоба аясында білім беру ұйымдарында су мен энергияны үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларды дамыту көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың экология саласындағы ғылыми ізденістеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.

Президент “Таза Қазақстан” бастамасын тек акция ретінде емес, жалпыұлттық құндылық деңгейіне көтеру қажет екенін жеткізді.

“Таза Қазақстан” жаңа сапалық деңгейге көтеретін ұлттық идея болуы тиіс. Оны қоғамда орнықтыру үшін мәдениет саласының, әсіресе креативті индустрияның әлеуетін тиімді пайдалану қажет", – деді ол.

Комментарии
Другие материалы