Жаңа Конституция – әділетті қоғам мен ұлттық бірліктің кепілі

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mv4Oz7DnRQajYc57PxbUYRQOyGmui6z8Kku7AwYu.jpg

Қостанай қаласында «Халық Конституциясы – ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» тақырыбында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдауға арналған сараптамалық алаң өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның басты ережелерін талқылау, оның мазмұны мен практикалық маңызын түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік құрылысты нығайтуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық қағидаттарды кеңінен түсіндіру болды.

Жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберович Нарымбетов модератор ретінде қатысып, кіріспе сөз сөйледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үнзіла Шапақ, Сенат депутаты Бибігүл Беркутовна Аққожина, Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Сайлаубек Ерғазиевич Ещанов, Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов, «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының төрағасы Алмат Қакимжанұлы Досмұхамедов баяндама жасады.

Спикерлер өз сөздерінде Конституцияның қоғамдағы рөліне, ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызына, азаматтық бірлікті нығайтудағы және әділетті мемлекет қалыптастырудағы орнына ерекше тоқталды.

Іс-шара барысында қатысушылар арасында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Сарапшылар жаңа Конституцияның халық мүддесіне негізделгенін және елдің болашақ дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Комментарии
Другие материалы