АҚШ Ормұз бұғазынан кемелерді шығару үшін ауқымды операция бастайды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XuGDCdu8m1mYKThKCau2FPaWnEwx3XM5MfU60lOq.jpg

Бүгін, 4 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазынан кемелерді шығару операциясы басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, «әлемнің барлық елі» АҚШ-тан Ормұз бұғазында қақтығыс салдарынан бөгеліп қалған кемелерін босатуға көмек сұрап жүгінген.

«Иранның, Таяу Шығыстың және АҚШ-тың игілігі үшін біз бұл елдерге олардың кемелерін осы шектеулі су жолдарынан қауіпсіз алып өтетінімізді хабарладық. Осылайша олар өз істерін еркін әрі толық жалғастыра алады… Бұл үдеріс Project Freedom деп аталады», – деді америкалық көшбасшы.

Сонымен қатар Трамп операцияға кедергі келтірілсе, АҚШ күш қолданатынын ескертті.

«Егер бұл гуманитарлық процеске қандай да бір жолмен кедергі жасалса, ондай әрекеттерге, өкінішке қарай, күшпен жауап беруге тура келеді», – деп жазды ол.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәліметінше, Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуін қамтамасыз етуге бағытталған «Бостандық» операциясына ұшақтар және 15 мың әскери қызметкер жұмылдырылады.

Комментарии
Другие материалы