Жеті жастағы қызды қаққан көлік жүргізушісі бостандыққа шықты

550
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LxWrgyZBlTdC5jU0GNuynB806ZWab5lW879nqNlj.webp

Алматы қаласында жеті жастағы Айзере Ибраеваның өліміне себеп болған жүк көлігінің жүргізушісі мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, сот жүргізушінің жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастыру туралы шешім қабылдаған.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 2 сәуірінде Алматының Қарасу шағынауданында болған. Сабақтан үйіне қайтып келе жатқан жеті жастағы оқушы жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпек болған. Сол сәтте қарсы бетте қыздың анасы күтіп тұрған. Кенет жолға автобус шығып кеткеннен кейін қорқып қалған бала артқа шегінген. Осы кезде «Рено» маркалы жүк көлігі қозғалып кетіп, қызды қағып кеткен. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 66 жастағы жүргізуші екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда бір жылдан кейін жазаның қалған бөлігі айыппұлмен алмастырылып, жүргізуші босатылған. Сонымен қатар ол бес жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бастапқыда марқұм қыздың ата-анасы 18,2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап еткен. Алайда апелляциялық сот бұл соманы 5,5 миллион теңгеге дейін қысқартқан.

Комментарии
Другие материалы