АЭС құрылысы туралы ақпараттың құпиясы неде?

274
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KLZy6UoSblTuzAuhbrMHr9lpEQhAnLcuPqWucUPZ.jpg

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов Қазақстанда АЭС құрылысы туралы ақпараттың бір бөлігі неге құпия болуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айтуынша, бұл болашақ АЭС-ке арналған жабдық жеткізушілеріне қатысты техникалық және коммерциялық ақпарат болуы мүмкін.

«АЭС құрылысы кезінде түрлі жабдық қолданылуы ықтимал. Жабдық жеткізушілері олардың құны туралы мәліметтердің бәсекелестеріне немесе үшінші тарапқа жария болғанын қаламауы мүмкін. Сондықтан мұндай ақпарат құпия санатқа енуі ықтимал»,-деді Махамбетов Мәжіліс кулуарында.

Ол әзірге барлық себепті толық айта алмайтынын, тек ақпаратқа қолжетімділік шектелуі мүмкін жағдайлардың бірін мысал ретінде келтіргенін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысына қатысты ақпараттың бір бөлігіне қолжетімділік шектелуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Сондай-ақ Атом энергиясы агенттігі бұл мәселеде барынша ашықтық ұстанымын сақтайтынын мәлімдеді.

«АЭС құрылысына қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық дереккөздерде жарияланады. Алайда жобаның технологиялық ерекшеліктері мен ауқымын, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, кейбір мәселелер құпияны жария етпеу туралы келісімдермен реттеледі. Сол себепті белгілі бір ақпараттың таралуы шектелуі мүмкін»,- деп түсіндірді ведомство.

Комментарии
Другие материалы