Премьер қақтығыс аймағына сапарды шектеуді айтты. 191 азамат неге барған?

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3YjS3GZnCSR04fQ9YgnD1W5n9o0J31JtB95S0QpA.webp

Олжас Бектенов қақтығыс аймақтарына ел азаматтарының баруын заңнамалық тұрғыдан шектеу тетіктері әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Премьер-министрдің айтуынша, қауіпсіздік жағдайы күрделенген өңірлерге азаматтардың сапарына қатысты алдын алу шараларын күшейту қажет.

«Эвакуациялық кезеңде кейбір азаматтардың қақтығыс аймақтарына сапарын жалғастыруы қосымша жүктеме туғызды. Осыған байланысты мұндай өңірлерге шығуды уақытша шектеуге мүмкіндік беретін заңнамалық тетіктер әзірленетін болады», – деді Бектенов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Үкімет басшысы Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұрған кезде Алматы қаласынан Дубай мен Шарджа қалаларына 191 қазақстандықтың ұшып барғаны тіркелгенін хабарлады.

Оның мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Қақтығыс басталғалы бері 66 рейс ұйымдастырылып, оның 27-сінің шығыны республикалық бюджет есебінен төленген. Ал қалған 39 коммерциялық рейстің билеттерін азаматтар өздері сатып алған.

Бектеновтің айтуынша, үкімет дағдарыс жағдайларында ұлттық әуе тасымалдаушыларын жедел жұмылдыру тетіктерін жетілдіруді және төтенше жағдайларға арналған арнайы әуе кемелерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

 

Комментарии
Другие материалы