Назарбаевтан кейін. Тоқаев Әлиевті құттықтады

1685
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vHATstJbtG7eCXGWRP1abl9vkYXJmTyntbpmf8Kz.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін»,– делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтыі Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевті Құрбан айт мерекесі және Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.

Комментарии
Другие материалы