Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін»,– делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтыі Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевті Құрбан айт мерекесі және Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазған едік.
Қазақстандық білім беру жобасы HundrED Global Collection – 2026 үздік инновациялық тәжірибелер тізіміне енді
