Жаяуды қуып жүріп қағу ғана қалды. Енді Алматыда да 5 адамды көлік қақты

110
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/phHt21wsK88KeHJ213wLCCn8KVUUCmhqhkn5Q0Ww.jpg

Алматыда Audi маркалы автокөлік жүргізушісі Зенков көшесінде 5 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәліметке сәйкес, оңтүстік бағытта келе жатқан Audi жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні соғып өткен.

Куәгерлердің сөзінше, жолда Audi 80 автокөлігі бір сәтте өшіп қалған. Жанындағылар жүргізушіге көмектесіп, көлікті итергеннен кейін ол қайта от алған. Алайда жүргізуші көлікті басқара алмай алға ұмтылып, жол жиегінде тұрған адамдарды қаққан. Одан кейін көлік жол жиегінде тұрған Toyota Granvia шағын автобусымен соғысқан. Соққының әсерінен Toyota жанында тұрған Subaru Impreza көлігіне соғылған.

Оқиғадан зардап шеккен 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының Арыс қаласында мас күйінде көлік жүргізген 52 жастағы әйел жеке үйдің алдында орналасқан орындықта отырған адамдар тобын қағып кеткен болатын. Салдарынан оқиға орнында төрт адам, оның ішінде екі бала мен жүкті әйел көз жұмды.

Сондай-ақ Көкшетауда да тұрғын үй ауласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелген еді. Автокөлік тұраққа кіреберісте алдымен бордюрге соғылып, кейін әйелді қағып кетіп, үстінен басып өткен. Зардап шеккен әйел оқиға орнында қаза тапты.

Ал осы қайғылы оқиғадан бірнеше күн өткен соң Көкшетауда тағы бір көлік жүргізушісі автотұраққа көлігін қоймақ болған кезде кішкентай баланы қағып кеткен. Бақытына қарай, бұл жолы бала аман қалып, медициналық көмек көрсетілген.

Комментарии
Другие материалы