“Тоқтамыс” - сапа мен нәтиженің орталығы

268
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/93uIVjrTifuEumPe8ZgXt18FQpgOO9XFrk2OXM8P.jpg

Бала - адамның бауыр еті. Әсіресе, сәбиіне белгілі емдеу шарасын қабылдау керектігін білгенде, бауыр еті баласы үшін ата-ана шыбын жанын қоярға жер таба алмай кететіні аян. 

Елімізде сәбилердің белгілі бір диагноз көрсеткішіне сай оларды сауықтыру орталықтары баршылық. Әр пациент үшін сауықтыру орнының санынан гөрі сапасы маңызды.

Біз “Болашақ” бағдарламасы бойынша мен “педагогтар”, жан жарым  “ғалымдар” санатында  Америкада білім алдық. Сол жақта тұрдық. Сәбилеріміздің біреуі сол жақта дүниеге келді. Елге ол төрт айға енді толатын кезінде оралдық. Кезекті дәрігерлік тексеру барысында балаларыма белгілі бір дәрежеде ем алуы қажет екені белгілі болды. Екеуіне де угроза ЦП, ЗПР, ЗРР және тағы басқа диагноздар қойылды.  Басында ақылы түрде бастаған еміміз үздіксіз жалғастыру керектігін естігенімізде  біраз дағдарып та қалғанымыз рас. Алматы, Астана қалаларындағы біраз оңалту орталықтары туралы көптеген  ақпараттар алдық.

Кезекті ем-шара қабылдау барысында Семей қаласында болған кезімізде жұбайым жергілікті тіркеу поликлиникасынан сауықтыру орталықтарының тізімін алып, ем алуды бастауды ниет еттік.

 Біздің жалпы сауықтыру, оның ішінде балалар денсаулығын оңалту орталықтарымен танысу кезеңіміз осы кезеңде басталды десек те болады. Солардың ішінде біз арнайы  “ Тоқтамыс” балаларды оңалту орталығы туралы айтқымыз келеді.

Пациент ретінде өз көзімізбен  көргеніміз:

1. Ем алушы пациентке дәрігердік тексеруді сапалы жүргізіп, нақты нәтижеге жету жолдарын көздеуі:

- Тоқтамыс” балаларды оңалту орталығы балаларды диагноздары бойынша кезекке қояды; кезегі келген пациентті жеке талдамалары арқылы дәрігер қабылдауына алып, тиісті комплексті ем-шараға шақырады. Осы орайда, балаларымыздың нақты нәтижеге жетуіне жеке кеңес берген орталық басшысы Алимбаева Алия Рахметуллиновнаға, сондай-ақ Даирбеков Ернар Ертуғанұлы, Алибек Ернар Николаевичке зор алғыс білдіреміз.

- 2. Тайм-менеджмент.уақыттың ыңғайлы ұйымдастырылуы.

- Келу барысында қаланың басқа шетінде тұрғанымызға байланысты кейде екі баланы бірдей әкелгенде ата-анасының біреуі ғана келе алатын жағдай болады. Осындай уақыттарда әр пациентке  кез келген уақытты өздеріне ыңғайлы етіп қойып беруі онсыз да дімкәс сәбилерімен сілесі қатып жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан да үлкен қолдау екендігін жақсы түсіндік. Уақытты әр келушінің ыңғайына қарай ұйымдастырып,  көңілдеріне қарап, биік адамгершілікпен ұйымдастырып отыратын регистратурадағы Каженова Айдана Берікқанқызына, оның жанындағы әріптестеріне (Гүлсезім Серменқызы)  үлкен рақмет айтамыз. Әрдайым тілек-батамыздан қалдырмай, осы қыздардың тілеуін тілеп отырамыз.

- 3. Пациенттің таңдауының болуы. Тоқтамысқа” келген әрбір ем алушы ЛФК, массаж алу барысында белгілі бір инструкторға бекітіледі. Бір жолдық ем алғаннан кейін нәтижесін көрген ата-ана келесі жолы келген кезінде де сол инструктордан ем-шарасын жалғастырғысы келеді. Бізді де осы сұрақ қатты алаңдатқан еді. Әйтсе де, баланың нәтижеге жетуін көру үшін бұл жағы да жақсы ұйымдастырылғанын көрдік. Кіші баламыз он айға толған кезінде де  аунамады, отырмады, еңбектемеді, жағалап жүрмеді. Ол тек басын зорға көтеріп құр жататын да қоятын. “Тоқтамысқа” кеп, кеңес алған кезімізде орталық басшысы Алия ханым баламызға қарап отырды да, жеке инструктор бекітіп берді. Баланың жағдайына қарай,  жұмыс істемейтін  сенбі, жексенбі кезінде де орталықты арнайы ашып беріп, массажды үзбей алуымызды қадағалады. Осы тұрғыдан алған кезде, он айында еңбектемек түгілі отырмаған баламыз этап-этапымен аунап, одан кейін отырып, одан кейін ақырындап еңбектеп, бір жасқа толатын кезінде бір тұрып, бір құлап жүру дәрежесіне жетті. Ал үлкен баламыз ЛФК тұрақты түрде алуы нәтижесінде спортқа ынтасы арта бастады. Осы жағдайға байланысты біз өз саласының білікті мамандары Байдалинов  Тілек Бекенұлына, Амангелдіұлы Айболсынға өте ризамыз. Баламен жеке тіл табыса білуі, қарым-қатынас орната алуы жағынан Тілек пен Айболсынның педагогтік шеберлігі биік мәдениетті,  жоғары деңгейде көрінеді.Медет, Нұрсұлтан сынды мамандар да балаларымызға қолдау білдірді.

- 4. Педагог мамандардың кәсібилігі және шеберлігі

- Үлкен балам тіл дыбыстарын ж, з, с айту барысында қателіктер жіберетін, кіші баламды алғаш әкелгенімізде аузынан су ағуының тоқтамауы, тұтықпа пайда болды. Осы жерде логопед, ритмика, музыка терапия, психолог, сенсорика, дефектолог, эрготерапия, монтессори, лого-босс кабинеттеріндегі мамандармен жұмыс жасау барысында балаларымыз өздеріне сенімді, халық алдында қысылмайтын, өз ойларын жеткізетін әрі толық жеткізуге талпынатын болып қалыптасып келе жатыр. Сол себепті балаларға деген қамқорлығы, жанашырлығы, өздерінің баласы, інісі ретінде жақыннан қарайтыны, аз уақытта (он күн ішінде) талай результатқа жеткізе алатын педагогтік шеберліктері үшін Жаңыл Ақанқызы, Еркежан Ерланқызы, Данара Канатқызы, Дильназ Айбекқызы, Аделия Рымбековна, Ирина Викторовна, Айым Қайратқызы, Марал Талғатқызына зор алғыс!

- 5. Жеке гигиена талаптарының орындалуы.”Тоқтамыс” орталығына кіргеннен бастап, тазалыққа қатты мән берілетіні бірден байқалады. Әсіресе, көктем, қыс айларында тазалық тіпті күшейе түседі. Кіргеннен бахила кию, аяқ киім ауыстыруға өте мән берілсе; ЛФК залдарында әр пациентке бір реттік жаймалар беріліп, ауыстырылып отырылады. Бір төсеніш келесі пациентке қолданылмайды. Сондай-ақ ЛФК залындағы әрбір инструктор әр балаға массаж жасағаннан кейін хлормен, арнайы дезинфекциямен залалсыздандырып, келесі пациентке таза орын ұсынады. Бұл дағды кабинеттерде де солай қалыптасқан. Бір балаға берілген ойыншық, материалдардың келесі балаға берілмеуі қатаң қадағалайды. Орталықтың тазалығына ғана емес, балалардың көңіл күйіне де өз аналарында мән беріп, еркелетіп жүретін Райгүл, Айнаш апайлар барлық келуші балалардың сүйікті апайларына айналған.  

- 6. Әрбір пациентке мақсатты жеке (индивидульный) жоспардың болуы

- Оңалту емдік курсы кезінде әр балаға қолданылатын әдіс-тәсілдер  жеке тағайындалады, бір бірін қайталамайды. Бұл әр баланың нәтижеге тез жетуіне оң әсерін тигізеді.

- 7. Бассейннің болуы

- “Тоқтамыс” бассейн орталығы үлкен балам алты айдан бастап келіп жүр. Маусым сайын екі балам да тұрақты түрде бассейнге қатысып келеді. Бұл олардың қорқыныштарын жоюға, бұлшықеттерінің нығаюына көп көмегін тигізуде. Бассейінде балаларға суға жүзуді үйретудің королі атанған Арман Ануарұлына, Шыңғыс Бейсенұлына, Гүлнұр апайға шынайы алғысымызды білдіреміз.“Тоқтамыс” қазір Семей қаласы ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келуші пациенттердің орталығы. Себебі мұндағы барлық қызметкерлер үнемі білімін жетілдіріп отырғандықтан сапалы ем алатындарына сенімдері мол. Швейцариялық әріптес профессорымыз да өзінің ерекше баласына осы жерден ем алғысы келіп ниет етіп отыр. Дертіне шипа іздеген әрбір жанға ем тағайындап қана қоймай, кіргеннен көңілдеріне демеу беріп, жан-жағынан қолдап отыратын Алия Аканқызы бастаған ұжымның еңбектеріне жеміс, отбасыларына бақыт, әрқашан сәттілік тілейміз. Әманда тек алғыс ала беріңіздер!  

Нұрлан Асқарұлы,

ә.ғ.м., ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ержиес (Түркия) университетінің докторант ізденушісі

 

Комментарии
Другие материалы