Тоғыз дәрігер мен тонна дәрі-дәрмек. Қазақстан Ауғанстанға көмек берді

76
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4V9krTo3JrEl9tjn4TLaQLjTwZLYGy1oeDSO89XC.jpg

Қазақстан Ауғанстанға кезекті гуманитарлық көмек партиясын жөнелтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елге жалпы салмағы 318,8 тонна болатын гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның құрамына 300 тонна қант, 1,8 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар, сондай-ақ 100 жазғы шатыр, төсек-орын жабдықтары және өзге де алғашқы қажеттілік заттары кірді.

Гуманитарлық көмектің негізгі бөлігі теміржол арқылы Балх провинциясына жөнелтілсе, медициналық жүктердің бір бөлігі қазақстандық делегациямен бірге әуе көлігі арқылы Кабул қаласына жеткізілді.

Сонымен қатар Қазақстанның жетекші медициналық мекемелерінен тоғыз дәрігерден құралған топ Ауғанстанға барды. Делегация құрамында педиатрлар, хирургтер, гастроэнтерологтар, травматологтар және басқа да саланың мамандары бар. Олар бір апта бойы жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, консультациялар өткізіп, ауғанстандық дәрігерлер үшін тәжірибе алмасу және шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.

Комментарии
Другие материалы