Әзербайжан Израильді "армян геноцидін" қайта қарауға шақырды

126
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4Ws5EwY4Og9TCjTDK28W3WY3k17EmwkDPzSWh1tk.jpg

Әзербайжан министрлігі Израиль үкіметінің 1915 жылғы оқиғаларды «армян геноциді» ретінде тану туралы шешіміне алаңдаушылық білдіріп, Тель-Авивті шешімді қайта қарауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 1915 жылғы оқиғаларға қатысты тарихи фактілерді бұрмалау және күрделі тарихи үдерістерді құқықтық әрі ғылыми негіздерден тыс саяси шешімге айналдыруға жол беруге болмайды.

«Мұндай қадамдар татуласу мен өзара түсіністікті нығайтпайды. Керісінше, қалыптасқан қайшылықтарды тереңдетіп, өңірде тұрақты бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерге кедергі келтіреді», – делінген Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Ресми Баку тарихи шындықты қорғау және халықаралық құқық қағидаттарын құрметтеу ұстанымын алдағы уақытта да дәйекті түрде жалғастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, Түркия сыртқы істер министрлігі де Израильдің шешімін қабылдамайтынын мәлімдеді. Ресми Анкара бұл шешімді «қасақана жасалған қадам» деп бағалап, оны палестиналықтарға қатысты әрекеттерге байланысты айтылып жатқан айыптаулардан назарды басқа жаққа бұру әрекеті деп атады.

Комментарии
Другие материалы