4 айдан соң. Иран аятолласын жерлеу рәсімі өтті

186
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uBIbQC7b9K8l8zGHxdaalXCSAaDFsi3NQ6I1dOB9.png

Иранның Мешхед қаласында елдің бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі жабық форматта өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Бұл туралы халықаралық БАҚ хабарлады.

Әли Хаменеи 2026 жылдың ақпан айында АҚШ пен Израильдің оның резиденциясына жасаған әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Ол Мешхед қаласындағы шиит мұсылмандары үшін қасиетті саналатын Имам Реза кесенесіне жерленді. Сол жерде шабуыл кезінде қаза болған оның отбасы мүшелері де жер қойнына тапсырылды.

Қоштасу рәсімдері 4 шілдеде басталып, бірнеше күнге созылды. Табыт алдымен Тегеранда, кейін Құм қаласында, одан соң Ирактың шииттер үшін қасиетті Наджаф және Кербела қалаларында қойылды. Иран билігінің мәліметінше, аза тұту шараларына миллиондаған адам қатысқан.

Алайда осы уақыт ішінде Әли Хаменеидің ұлы әрі жаңа жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеи көпшілік алдына шыққан жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, оның қауіпсіздігіне қатысты қауіптерге байланысты жерлеу рәсіміне қатыспаған болуы мүмкін.

Иранның Fars агенттігі Моджтаба Хаменеи 19 шілдеде Құм қаласында өтетін еске алу рәсімінде алғаш рет жұртшылық алдына шығып, әкесіне арналған сөз сөйлейді деп хабарлады.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы жерлеу рәсімдеріне байланысты келіссөздерге бір апталық үзіліс берілгенін хабарлаған. Алайда кейін өңірдегі жағдай қайта шиеленісіп, Иран мен АҚШ арасында өзара әскери соққылар жасалған. Трамп қазір Иранмен бітім режимі тоқтағанын айтып, келіссөз жүргізуге ниеті жоқ екенін жариялады.

Комментарии
Другие материалы