Президент Тоқаев АҚШ президентін елге шақырды

72
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RMdj8OxIuUTflNuOvzUuGqDo8t8Y0pSdhcGbf5d3.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Дональд Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, қысқа тарихи кезең ішінде елдің қуатты жаһандық державаға айналғанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ әкімшілігінің ішкі саяси бағыты Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндес екенін айтып, Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа қолдау білдірді.

Тараптар телефон арқылы әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен саяси өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің табысты жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ Ақордада АҚШ сенаторы Стив Дейнс, АҚШ президентінің арнаулы өкілі Серджио Гор және Ақ үйдің өзге де жоғары лауазымды өкілдерімен, америкалық бизнес қауымдастығы мүшелерімен өткен кездесулердің нәтижелері оң бағаланды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Комментарии
Другие материалы