Кәріз құдығындағы қайғылы жағдай. Павлодар облысында алты жұмысшы қаза тапты

196
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/s0YN5x4AAPRz6CnjoyNZk6xmAcDAj3QhzMC3N6GI.webp

Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан Aqtogai Milk ЖШС аумағында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды "Адырна".

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәсіпорын аумағындағы кәріз құдығында орналасқан электр сорғысын жөндеу кезінде алты жұмысшы көз жұмып, тағы бір адам түрлі дәрежеде зардап шеккен.

Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама 20 шілде күні сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның оқиға орнында қаза болғанын тіркеген.

Ал 1988 жылы туған тағы бір жұмысшы Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған орташа ауырлықтағы көмірқышқыл газымен улану диагнозын қойған. Қазіргі уақытта науқас қажетті ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, сондықтан облыс орталығына жеткізу қажеттілігі жоқ.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комментарии
Другие материалы