Путин қызметкерлерімен тек арнайы байланыс жүйесі арқылы сөйлеседі

177
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин ешқашан өз әкімшілігінің қызметкерлеріне қалалық немесе ұялы телефон арқылы қоңырау шалмайды. Ол арнайы байланыс жүйесін пайдаланады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль пулының журналисі Александр Юнашевқа берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Президент әкімшілігінің қызметкерлері демалыста жүрген кезде Путиннің қоңырауына жауап бермей қоюына бола ма деген сұраққа Песков жауап берді.

«Президент ешқашан қалалық немесе ұялы телефон арқылы хабарласпайды. Ол арнайы байланыс жүйесін пайдаланады», – деп жауап берді.

Кремль өкілі сондай-ақ президент әкімшілігі қызметкерлерінде демалыс кезінде, әдетте, арнайы байланыс құралдары болмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Песковтың айтуынша, Путин биылғы жазда әлі демалысқа шықпаған, дегенмен соңғы уақытта ақпараттық белсенділігі біршама төмендеген. Баспасөз хатшысы президенттің демалысқа шықпауы өзіне де әсер ететінін айтып, өзінің де Путин демалған кезде ғана еңбек демалысына шығатынын жеткізді.

Комментарии
Другие материалы