Қапшағайда суға батқан адамды құтқармақ болған қызметкер қаза тапты

150
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IyYTbNkBY76DnogT7WoEg62dNPEjSHDnWafBA95z.jpg

Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасында суға батқан адамды құтқармақ болған демалыс базасының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл туралы Қонаев қаласының әкімі желідегі парақшасында жазды.

Қайғылы оқиға 22 шілде күні болған. Алматы облысы ТЖД мәліметінше, оқиға демалыс орындарының бірінің аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам суға батып кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған демалыс базасының қызметкері Андрей Козятинскийдің өзі көз жұмды.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Андрей Козятинскийдің жақындарына көңіл айтты.

«Өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылып, өз өмірін құрбан еткен Андрей Филипович Козятинскийдің қазасы туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл – нағыз ерлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі. Ол өз қауіпсіздігін ойламай, қиын жағдайға тап болған адамға көмекке ұмтылды», – деп жазды қала әкімі.

Комментарии
Другие материалы