Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Олимпиада 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында өткен.
Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленген.
Қола медаль иегері:
• Шыңғыс Қарасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
Құрмет грамотасының иегерлері:
• Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Аслан Әжібаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
• Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Осылайша Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік еткен.
