Батыс Қазақстан облысының өндірістік кәсіпорындарымен танысу

228
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Aw2LEEuk9yfLdK5Y3AzVafoD1dJWctpnuGJsw9pG.jpg

15 қазанда Орал қаласында Мұнай-газ машина жасау форумы және Операторлардың ашық есік күні аясында Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарына танысу сапарлары ұйымдастырылды.

Қатысушылар «УральскАгроРемМаш» АҚ, «West Oil Engineering Company» ЖШС және «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өндірістік алаңдарына барып, кәсіпорындардың өндірістік қуаттары мен өңірдегі өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.


Делегацияны Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Есенәлиұлы Ақбаров бастап барды. Сапарға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы, «PSA» ЖШС уәкілетті органының өкілдері, сондай-ақ ірі мұнай-газ операторларының басшылары қатысты. Олардың қатарында «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Уильям Лакоби, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директоры Марко Марсили, NCOC N.V. басқарушы директорының орынбасары Жандос Оразалиев, сондай ақ IMBC Бас директоры Дастан Әбішев болды.


Аталған зауыттар мұнай-газ саласына арналған өлшеу, есепке алу және автоматтандыру жүйелерін, автоцистерналарды, өрт сөндіру техникасын, металл конструкцияларын, сондай-ақ мұнай-газ саласында сұранысқа ие ірі мұнай-газ және энергетикалық жабдықтарды өндіреді.

Кездесулер барысында зауыттардың технологиялық мүмкіндіктері таныстырылып, өндірістік әлеуетті арттыру және ірі мұнай-газ жобаларының операторларымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сапардың ұйымдастырылуы Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңір ретіндегі маңыздылығын айқындап, мемлекеттік органдар, отандық өндірушілер және ірі мұнай-газ операторлары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Комментарии
Другие материалы