Желтоқсандағы жүздесу. Трамп Тоқаевты құттықтады

144
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SxS23m6rA0DR5bbPPPBv6T2ZKjpDkG1Oy7wR1byK.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Сондай-ақ ол екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселесіне тоқталып, желтоқсанда өтетін G20 саммитінде кездесуге ниетті екенін жеткізді. 

Жеделхатта Дональд Трамп соңғы бір жылда Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түскенін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінде бірлесіп жұмыс істеп, өзара тиімді коммерциялық келісімдерге қол жеткізген.

АҚШ президенті 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі емес, алғаш болып таныған ел АҚШ екенін еске салды. Сондай-ақ Вашингтонның Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауға деген ұстанымы өзгермейтінін айтты.

Трамп америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын айтып, екі ел арасындағы достық пен серіктестік алдағы онжылдықтарда да нақты нәтижелерге жеткізетініне сенім білдірді.

Комментарии
Другие материалы