G20 саммиті. Путиннің алдынан Зеленский шыға келуі мүмкін

321
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L7rW6sVzVA4hOeH7O4q0Mdhb3guYHahOaqbG6vsE.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді Майами қаласында өтетін «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитіне шақыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй басшысы 31 қазанда журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Мемлекет және үкімет басшыларының басқосуы 14–15 желтоқсан күндері Флорида штатындағы Майами қаласында өтеді. Трамптың сөзінше, Зеленскийді саммитке шақыруға ешқандай кедергі жоқ.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да Украина президентінің кездесуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын. Оның айтуынша, егер Дональд Трамп Украина өкілінің саммитке қатысуы оң нәтиже береді деп есептесе, тиісті шақырту жіберілуі мүмкін.

Айта кетейік, Вашингтон қыркүйек айында Ресей президенті Владимир Путинді де G20 саммитіне шақырған. Сол кезде Марко Рубио халықаралық мәселелерді шешу үшін келіспеушілігі бар тараптардың да кездесуі маңызды екенін атап өткен еді.

Алайда АҚШ Конгресінің Демократиялық және Республикалық партияларынан құралған бірқатар сенатор Трамп әкімшілігін Путинге жолданған шақыртуды кері қайтарып алуға үндеді. Олар Ресей басшылығын Украинадағы соғыстың басталуына жауапты деп санайды. Қазіргі уақытта Путиннің саммитке қатысу-қатыспауы белгісіз.

Ал Владимир Зеленский қыркүйек айының соңында DW басылымына берген сұхбатында Путин де шақырылған жағдайда Майамиге баруға дайын екенін айтқан болатын. Украина президенті екі ел басшысының кездесіп, келіссөз жүргізуі қажет екенін жеткізді.

Дегенмен Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Флоридада мұндай кездесудің өтуі мүмкін емес екенін мәлімдеген. Кремль бұған дейін де екі ел басшыларының ықтимал келіссөздері Мәскеуде өтуі керегін алға тартқан.

Қазан айының соңында Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Киевтің Зеленский мен Путиннің кездесуіне дайын екенін хабарлады. Оның айтуынша, кездесу Мәскеу, Беларусь немесе Солтүстік Корея аумағынан басқа кез келген жерде ұйымдастырылуы мүмкін.

Айта кетсек, Майами қаласында өтетін саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен барады.

Саммитке дайындық мәселелері Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капурдың кездесуінде талқыланған болатын.

Комментарии
Другие материалы