Ұлттық ұлан сарбазы өзін-өзі атып тастады

3830
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/9b25f4a1-3f43-49ed-89e3-8e51f2aab157.jpeg
Алматыда ұлттық ұлан сарбазы өзін-өзі атып тастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«22 тамыз күні сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша 2001 жылы туған әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,— деп түсіндірді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Комментарии
Другие материалы