Уақыт белдеуінің өзгеруі Қазақстандағы электр энергиясы төлемінің өсуіне әсер етпейтіні айтылды

1500
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_9892.png
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу электр энергиясын тұтыну деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) Қарағанды ​​облысы бойынша департаментіне сілтеп.  «Электр энергиясы үшін төлемдердің айтарлықтай өсуі күтілмейді. Электр энергиясын тұтыну төлемі есептегіш құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, уақыт белдеуінің өзгеруі жабдықтаушы ұйымдардың шығындарына да әсер етпейтіні айтылды: «Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың шығындарына әсер етпейді, тиісінше, бұл электр энергиясының бағасын өзгертуге негіз болып табылмайды», - деп хабарлады ТМРК.
Комментарии
Другие материалы