Алматыда таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды

1096
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8894-960x500.jpeg?token=8c8ea504e3f5e11236fc5954b081f421

Алматыда таныстар арасындағы жанжалдың соңы оқ атумен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, атыс мегаполистегі ойын-сауық орындарының бірінде болған. Таныстар арасында жанжал шығып,  салдарынан ер адамдардың бірі қарсыласына оқ атып, оның аяғына тигізген.

"Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы травматикалық қару қолдану дерегімен қылмыстық іс қозғады. 35 жастағы   Жетісу облысының тумасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Комментарии
Другие материалы