Алматыда таныстар арасындағы жанжалдың соңы оқ атумен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, атыс мегаполистегі ойын-сауық орындарының бірінде болған. Таныстар арасында жанжал шығып, салдарынан ер адамдардың бірі қарсыласына оқ атып, оның аяғына тигізген.
"Бұл факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы травматикалық қару қолдану дерегімен қылмыстық іс қозғады. 35 жастағы Жетісу облысының тумасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді", – деп хабарлады полиция өкілдері.