Алматы облысының әкімі Амандық Баталов шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

10554
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/amandyқ.jpeg
Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болды, - деп хабарлайды "Адырна" Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты. "Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады", - деді Батыржан Байжұманов. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті. "Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылыпп, жұмысқа кіріседі", - деді Байжұманов. Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.
Комментарии
Другие материалы