Елімізге Ресейден қару-жарақ пен әскери техника неге әкелініп жатыр?

3952
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/2021110413202875857_2021110410203976324_0c703f1afaac1a174b56.jpg
ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстанға ресейлік қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу туралы ақпаратқа байланысты  түсініктеме берді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Zakon.kz-ке" сілтеме жасап. "2021 жылы Ресей тарапы Қазақстан Қарулы Күштерінің мүддесі үшін "Орлан-10Е" ҰҰА бар көпфункционалды кешенді ғана жеткізеді", - деп нақтылады ведомстводан.
Сонымен қатар, "Су-30СМ" ұшақтары, "Ми-35М" тікұшақтары, "Бук-М2Э" зениттік зымыран кешені, "БТР-80" және "БТР-82А" бронетранспортерлері, сондай-ақ атыс қаруын Қазақстан өткен жылдары сатып алған.
"Қазақстан армиясының қару-жарағында "Тайфун-К" жеңіл брондалған автомобильдері жоқ екенін қосымша хабарлаймыз", — деп толықтырды баспасөз қызметі. Бұған дейін ресейлік жаңалықтар сайттарының бірінде Ресей Ауғанстандағы қақтығыс кезінде Қазақстан мен Өзбекстанға әскери жеткізілімдерді жеделдеткені айтылған болатын.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии
Другие материалы