Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде экипажды тастап қашып кеткен басшы қызметінен кетті

5022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/izobrazhenie_2022-02-12_123418.png
Turkish Airlines Türk Hava Yolları әуе компаниясының басшысы Илкер Айчи тәртіпсіздіктер кезінде Алматыда экипажды тастап кеткені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Onedio-ға сілтеп.
«Қазақстанда демалып, Алматыдағы тәртіпсіздік ошағына тап болған Turkish Airlines Türk Hava Yolları (THY) директорлар кеңесінің төрағасы Илкер Айчи мен оның жұбайы Тугче Саатман-Айчи жүк тасымалдағыш ұшақпен қайтып келген. Алайда экипаждың көп бөлігі, оның ішінде ұшқыштар Қазақстанда қалды. Артынша Айчиді қызметінен босату туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Türk Hava Yolları – Стамбулда орналасқан түрік авиакомпаниясы. Олар Еуропа, Азия, Африка және Американың 220 шетелдік және 42 ішкі әуежайларына тұрақты рейстерді орындайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер