"Менің ұлым террорист емес!": 5 жылға сотталған жігіттің әкесі Тоқаевтан араша сұрады (ВИДЕО)

3034
Adyrna.kz Telegram

Бейбіт шеруге шығып, қолына арандатушылар бопсалап қару ұстатып, нақақтан-нақақ айыпталып, темір торға 5 жылға үкіммен қамауға алынған Өжет Жеңісханның әкесі Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Менің аты жөнім Жеңісхан Әкрамұлы, Алматы қаласы 18-тергеу абақтысында жатқан Жеңісхан Өжеттің әкесімін. Менің ұлым террорист емес! Ешқандай ұйымға, басқа да қылмысқа қатысы жоқ! Бейбіт алаңға көзқарасын білдіру үшін бейбіт шеруге шыққан болатын. Сол кезде біреулер қорқытып, қару кезеп, қолына қару ұстатқан. Ол қарудан ешқандай оқ атылмаған. Қасым-Жомар Кемелұлы біз сізден осы балаға араша түсуіңізді сұраймыз! Жақында өзіңіз сұхбат бергеніңізде "Жаңа Қазақстан", "Әділетті Қазақстан" құру жөнінде айтқан едіңіз. Біздің баламызға әділетсіз үкім шығарылып отыр. Біздің баламызға әділетті шешім тағайындап, соттың әділетті үкім шығаруын қалаймыз" деді Өжеттің әкесі.

Пікірлер