Шымкентте әйнегінде Z деген жазуы бар көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.
«2 наурыз күні С.Бәйтереков көшесінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері артқы терезесінде Z белгісі бар жүргізушіні тоқтатқан. Тұрғынға оның әрекетінің заңсыздығы туралы хабарлаған. Kia Soul автокөлігінің жүргізушісіне қатысты 590-баптың 5-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бап бойынша бұл құқық бұзушылық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, Украинаға басып кіру кезінде қолданылған ресейлік әскери техника дәл осындай Z жазуымен белгіленген.
1 АЕК = T3063.
"Адырна" ұлттық порталы