«Технодом» компаниясы аутизммен ауыратын балаларға ультрабук сыйлады

2448
Adyrna.kz Telegram

«Милосердие» еріктілер қоғамы» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру (World Autism Awareness Day) күніне арналған концертте «Технодом» компаниясы аутизммен ауыратын балаларға бес ультрабук сыйға тартты. Шара Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті қорының үлкен залында өтті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы 

Концертте балалар аутизмді жеңуге деген ұмтылыс, ниетімен, еңбектерінің нәтижесімен көрермендерді таң қалдырды. Бұл жігіттер қарапайым балаларға оңай болып көрінетін көптеген дағдыларды меңгеруге тырысты. Өйткені, олар алғашқы кезде тіпті сөйлемейтін,, естімейтін/сөйлесе алмады. Ал бүгін олар сахнада көпшіліктің алдында өнер көрсетеді! Және өте тамаша өнер көрсетеді!


Аутизм – бүгінде бүкіл адамзат бетпе-бет келіп отырған мәселе, аутизмге шалдыққан адамдарға көмек көрсету, әлеуметтендіру, бейімдеу және оңалту мәселесі әр мемлекеттің алдында тұр. Қазақстанда ерте диагностика бойынша көптеген проблемалардың болуы, уақтылы көмек көрсету жүйесі мен мамандардың жетіспеуі, кімге және қалай көмектесу керектігін анықтап, балаларға көмектесетін нақты механизмнің жоқтығы аутизмді барынша жеңу бағытында жағдайды одан сайын қиындатады.

Аутизмді емдеу тек мамандардың - невропатологтардың, психологтардың, логопедтердің және басқалардың көмегін ғана қажет етпейді. Аутизммен ауыратын балалар егер бүкіл отбасы күнделікті өмірде баламен қарым-қатынасты құру туралы қажетті білім мен дағдыларды меңгерген жағдайда ғана оңалту бойынша ілгерілеуге мүмкіндігі бар. Балалар отбасында, үйде - ең жақын адамдармен және күнделікті өмірде бірлескен үй жұмыстары мен іс-әрекеттер арқылы, сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасауды үйрену, мінез-құлық проблемаларын жеңу арқылы білім алғанда, есейген кезде өз мүмкіндіктерін толық іске асыруы керек. Ал заманауи технологияны пайдалана білу – бұл емдеудің маңызды аспектісі.

2013 жылы Алматы қаласындағы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың бастамасы «Samruk-Kazyna Trust» ӘЖДҚ қолдауымен «Милосердие» еріктілер қоғамы» ҚҚ-ның «Аутизмді жеңейік!» толыққанды жобасы ретінде қалыптасты. Мұндағы «Біз аутизмді жеңеміз!» орталығы жұмысынан (күн сайын жүзден астам бала оқиды) бөлек, интернет арқылы тәжірибе мен білім беріліп, өңірлерде көшпелі семинарлар өткізіледі.

Балалардың жетістіктері - мамандар мен ата-аналардың орасан зор еңбегінің нәтижесі. Балалардың 100% -ында даму динамикасы, сөйлей алу қабілеті іске қосылады. 2 жыл ішінде тоғыз түлек (30%) әдеттегі балабақшаларға бара бастады, балалардың 30% -нан АСБ диагнозы алынып тасталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер