Кәсіпкер Қайрат Реимов әлеуметтік жағдайы төмен және жалғызбасты, көпбалалы аналарға 50 баспананы пайдалануға берді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Әлеуметтік үй “Мейірім мекені” деп аталады. “Адырна” порталына берген сұхбатында кәсіпкер Қайрат Реимов:
“Жалғызбасты, көпбалалы аналарға арналған осындай жобаны көптен бері ойымда жүрген еді. Кішкентайымыздан бізде талай қиыншылық көрдік, тауқымет тарттық. Бүгінде Аллаға шүкір, қоғамға пайдасы тиетін осындай жобамыз іске асты” деді.
Әлеуметтік үйдің ауласында Наурыз тойы аталып өтті.
Іс-шараға белгілі кәсіпкерлер, қайырымдылық қорлар, өнер жұлдыздары қатысты.
Сәбит Әбдіхалықов, Сейфуллин Жолбарыс, Нұрлан Албан, Нұрлан Еспанов, “Жігіттер” тобы, “Жігер” тобы өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз: https://t.me/adyrnaportal/3785
“Адырна” ұлттық порталы