Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы екі ауылды толассыз жауған жауын салдарынан су басты. Ауылдарды су басқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Кадрлардан көше мен жеке үйлер аумағын су шайып кеткенін көруге болады. Анықталғандай Байғазы ауылында бір көше, ал Қоғалы ауылында үш көше су астында қалған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.
Бейнежазбаны Telegram арнамыздан көре аласыз.
”Адырна” ұлттық порталы