Жұмбақ қылмыс. Қылмыскер жиырма жылдан кейін сотталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Алматы облысында 20 жылға жуық уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша үшінші айыпталушы 16 жылға сотталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы облысының прокуратурасы 2006 жылдың қыркүйегінде болған қылмысты тергеуді аяқтаған. Ведомство мәліметінше, үш ер адам такси жүргізушісі ретінде әйелді көлікке отырғызған. Кейін оны тұншықтырып өлтіріп, жеке заттарын ұрлап, мәйітін Алматы–Қапшағай автожолының бойына тастап кеткен.

2007 жылы сот екі сыбайласын айыпты деп таныған. Ал үшінші күдіктіге қатысты іс жүргізу тоқтатылып, материалдар архивке жіберілген. Қылмыс ашылмаған істер тізіміне де енгізілмеген.

Кейін прокуратура өткен жылдардағы материалдарға тексеру жүргізіп, тергеуді қайта жандандырды. Анықталғандай, іс негізсіз тоқтатылып, күдіктіні іздестіру тиісті деңгейде бақылауға алынбаған. Қосымша сұрау салулар мен деректерді салыстыру нәтижесінде құқық қорғау органдары күдіктіні Қарасай ауданынан анықтап, ұстаған.

Пікірлер