Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы – Сенат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы елдегі салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданылуын тоқтататын заң қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламентінің сайтында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аталған келісімге 1992 жылы тәуелсіз посткеңестік мемлекеттердің құрылуы кезінде қол қойылғаны атап өтілді. Оның мақсаты салық салу ережелерін біріздендіру негізінде келісілген салық саясатын жүргізу болды. Қазақстандық сенаторлардың пікірінше, 2022 жылы құжат өзектілігін жоғалтқан.
Салық саясатының келісілген қағидаттары туралы ТМД келісімі негізгі салықтардың бірыңғай тізімін қолдану туралы келісімді қамтыды. Сонымен қатар, қосарланған салық салуды болдырмай, КСРО-ның шет мемлекеттермен бұрын жасаған келісімдерін сақтау мәселесін шешуге көмектесті.
Бұған дейін Қазақстан Жеңіс шеруін өткізуден бас тартқан болатын.
«Адырна» ұлттық порталы
Салықтың сұрауын, талабын білмейтініміз, салық маңызын түсінбейтініміздің себебін неде деп ойлайсыз?
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда алғаш рет көміртекті агроклиматтық полигон құруда
