Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube каналына Конституциялық реформа туралы екінші бейнеүндеуін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Онда “Конституциялық реформа қарапайым азаматтарға не береді?”, “қарапайым тұрғындар бұл реформадан не ұтады?” деген сұрақтарға жауап берген. Бейнеүндеудегі қабылданған шешімдерді төменде назарыңызға ұсынамыз:
Бірінші, Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Конституциялық сот кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады. Конституциялық сотқа мыналар жүгіне алады:
- Президент;
- Сенат пен Мәжілістіс төрағалары;
- Парламент депутаттарының бестен бірі;
- Премьер-Министр;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
- Бас прокурор;
- ҚР-ның әрбір азаматы.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар