Президент Тоқаев пен әнші Димаш ең ықпалды мұсылмандар қатарына енді

1118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z8cX6f7JPZq5YvmmIY4duOBkYjbaBHm5NmH6e7oI.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның жыл сайынғы тізіміне енді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Ұлысмедиаға сілтеп. 

Олар 2027 жылғы The Muslim 500 рейтингінде Қазақстан атынан ұсынылған.

Рейтингті Иордания астанасы Амман қаласында орналасқан Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Саясат» санатына енгізілсе, Димаш Құдайберген «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша тізімге енген. Рейтингке саясаткерлермен қатар дін қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпкерлер, спортшылар мен мәдениет өкілдері де кіреді.

Биыл тізімнің бірінші орнын бес тұлға бөлісті. Олардың қатарында Сауд Арабиясының королі Салман ибн Әбдулазиз, тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, фельдмаршал Асим Мунир және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да бар.

Орталық Азия елдері басшыларының арасында ең жоғары көрсеткішке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол жеткізді. Ол рейтингте 40-орынға жайғасып, алғаш рет үздік 50-лікке енді.

The Muslim 500 рейтингі 2009 жылдан бері жарияланып келеді. Оны құрастырушылар тұлғаларды мұсылман қоғамына, қоғамдық үдерістерге, саясат пен мәдениетке ықпал ету деңгейіне қарай бағалайды. Жалпы тізім 13 бағытты қамтиды.

Пікірлер