Мүгедек баласы бар ата-аналарға қосымша еңбек демалысы берілетін болды

2197
Adyrna.kz Telegram
Фото: Astana-akshamy.kz
Фото: Astana-akshamy.kz

Елімізде мүгедек балалары бар ата-аналарға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беруді көздейтін заңнамалық түзетулер қарастырылуда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Еңбек кодексінің 89-бабына сәйкес, жұмысшылармен еңбек, ұжымдық келісімшартпен қосымша ақысы төленетін жылсайынғы еңбек демалысы белгіленуі мүмкін. Осылайша, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жұмысшыға ақысы төленетін қосымша еңбек демалысын беру мәселесін тараптар еңбек, ұжымдық келісімшарт аясында шеше алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Оның атап өтуінше, бұл мәселе өте өзекті. Сондықтан, ол жұмыс берушілермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірге заңнаманы жетілдіру, Әлеуметтік кодекс әзірлеу аясында қаралатын болады.

«Бұған қоса, бүгінде Үкімет, жұмысшылардың республикалық бірлестігі және жұмыс берушілер арасындағы бас келісім жүзеге асырылып жатыр. Онда келісім және ұжымдық келісімшарт аясында әйелдердің, жастар мен мүгедектердің негізгі құқықтары мен кепілдерін жүзеге асыруға жұмыс берушінің жағдай жасау көзделген»,- деді Ералы Тоғжанов.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер