Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соғылып, 5 адам зардап шекті

2385
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соғылып, 5 адам зардап шекті. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында автокран мен автобус соқтығысты. Нәтижесінде бес жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан.

«Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Видеоны Telegram арнамыздан көре аласыз.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер