Қазақ тіліндегі ас мәзірі он күнде дайын болады – «Сәнім» кафесі

3581
Adyrna.kz Telegram

«Орыс тілі - халықаралық тіл» деген кафе ас мәзірін қазақ тілінде жазатын болды. Бұл туралы журналист Дина Имамбай жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сәнім» кафесінің әкімшісі қазақша ас мәзірі дәптері он күнде дайын болады деп уәде берді. Күтейік.

Қолдау білдірген барша жұртқа алғыс айтамын. Көп болып талап етсек түзелмейтін кемшілік жоқ.  Мемлекеттік тілді құрметтемейтін басқа ұйым-мекемелерге де сабақ болсын.

Мұндайда ең дұрысы, Айбар Олжаев көрсеткендей, электронды үкімет сайтында шағым қалдыру екен. Оны ешкім өшіре алмайды, санасуға мәжбүр болады. Мемлекеттік тілді менсінбейтіндермен тек заң тілінде сөйлесіп үйренейік»,– деді ол.

Пікірлер