Жетісайда күйеуі әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірді, деп хабарлайды”Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өз инстаграм парақшасында жариялады.
Әйел 30 жаста. Ең кенже баласы бар болғаны 6 ай. Ес-түссіз ұрып-тепкеннен кейін, ауруханаға түсіп, екі апта комада жатқан.
Гүлмира Әбіқай өз жазбасында отбасылық зорлық-зомбылық қоғам трагедиясы деп атап, мұндай жағдайлардың өте көп кездесетінін алға тартты.
“Адырна” ұлттық порталы