Ұлттық құраманың қоржыны тағы да медальдармен толықты

2667
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook Асхат Аймағамбетов
Фото: Facebook Асхат Аймағамбетов

10-15 шілде аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өткен физикадан Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадада (IPhO) 1 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ел намысын 5 оқушы қорғаған. Олар 75 елден келген 368 жасөспіріммен сынға түсті. Өткен жылы 5 күміске ие оқушылар биыл былтырғы көрсеткішті жақсарта алды.

Ұлттық құрама қоржынына Даниил Шатохин алтын және күміс медальді Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

“Құрметті оқушылар!

Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын әлемдік аренада абыроймен қорғай білдіңіздер. Бұл жетістіктеріңізге ата-аналарыңыздың қолдауы, ұстаздарыңыздың берген білімі септігін тигізді, сол үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздерге алдағы уақытта да жеңісті күндер тілеймін. Биік белестерді бағындыра беріңіздер”, деп жеңіске жеткен оқушыларды құттықтады министр Асхат Аймағамбетов.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер