Аяқ астынан Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалды

521
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ucdNJGnBWqjSYZFkTZVAoVynFackEeoep1ForFZi.jpg

Еркін Тұқымов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 16 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымын атқарған еді.

Пікірлер