Қазақстан Иран мен Израильден өз азаматтарын эвакуациялауды жалғастыруда

1171
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b0FUcW7WGl1Gb6J93bvCNa0TElvq0A1DBa1tOfWa.jpg

20 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израильден қазақстандықтарды эвакуациялауды жалғастырып жатқаны туралы  мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Ақпаратқа сәйкес, эвакуациялық іс-шаралар аясында Израильден – 66 отандасымыз (Египет арқылы), Ираннан – 78 азамат (Армения арқылы – 73, Әзербайжан арқылы – 2, Түрікменстан арқылы – 3) елге жеткізілген.

«Иран мен Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсету жұмысын жалғастыруда. ҚР СІМ Израиль, Египет және Армения билігіне алғыс білдіреді. Сондай-ақ, ирандық, әзербайжандық және түрікмен әріптестерге де Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді. Бірлескен күш-жігердің арқасында көбірек азаматтар үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алып жатыр», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін, 2025 жылғы 18 маусымда, ҚР Сыртқы істер министрлігі Ираннан 109 қазақстандықтың эвакуацияланғанын хабарлаған еді. Олар елге Түрікменстан мен Әзербайжан арқылы жеткізілген болатын.

Пікірлер