Өзбекстан президенті Моңғолияға барды. 14 құжатқа қол қойылды

1076
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JQ7l5rUKI7KoTQa3SSPK1S6WhTw7D4cEToFLV1qY.png

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Ұланбатыр қаласына мемлекеттік сапармен барды. Бұл сапар аясында екі ел арасында 14 ресми құжатқа қол қойылды, деп забарлайды “Адырна”.

Құжаттар екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға бағытталған.

Сапар қорытындысында екі елдің басшылары жан-жақты әріптестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Тараптар Моңғолия мен Өзбекстан арасындағы дәстүрлі достық пен ынтымақтастықты тереңдету тек екіжақты ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

Қол қойылған негізгі құжаттар мыналар:

  • Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы: Сауда, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы серіктестік;
  • Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
  • Қылмыспен күрес және оның алдын алу саласындағы хаттама;
  • Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық протоколы;
  • Жоғары білім және ғылым саласындағы келісім;
  • Минералдық ресурстар мен тау-кен өнеркәсібі бойынша меморандум;
  • Өсімдіктер карантині мен қорғау саласындағы келісім;
  • Ауыл шаруашылығында бірлескен жобаларды іске асыру жоспары;
  • Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы протокол;
  • Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі бойынша бірлескен құжат;
  • Спорт және дене шынықтыру саласындағы келісім;
  • Экотуризм саласындағы іс-қимыл жоспары мен ынтымақтастық бағдарламасы (2025–2028 жж.);
  • Мәдениет саласындағы өзара алмасу және мұраларды сақтау бағытындағы келісімдер.

Аталған келісімдер арқылы тараптар түрлі саладағы байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін көрсетті. Бұл тарихи сапар Моңғолия мен Өзбекстан арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Пікірлер