Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы үйленгелі жатыр

860
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/42ZPJF4ccluJKNFOBap3swexEAMN2bJ3w8xz9zyT.webp

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова 17 жастағы інісі Адам Қадыровтың үйленетінін жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Айшат бұл қуанышты жаңалықты Instagram парақшасында жазып, оқырман сұрағына жауап берген.

«Менің інім Адам үйленеді», – деп жазды Қадырова әлеуметтік желіде.

Кейін ол бұл інісінің алғашқы некесі екенін нақтылап өтті.

«Қалыңдықтың есімі – Медни. Ол біздің ауылдан. Өкінішке қарай, үйлену тойының видеосын еш жерден көру мүмкін емес. Біз үйлену тойының бейнежазбаларын жарияламаймыз. Бұл – ата-анамыздың қалауы. Той туған ауылдағы ата-анамыздың үйінде өтеді», – деп жазды Айшат Қадырова.

Пікірлер