«Самұрық-Қазына» қоры тағы бір қызметкердің  ұсталғанын айтты

338
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wJDvGd9Z1sT94gt9KHF4c0hfwCTN67NRFJv0RcSR.webp

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 19 қарашада департаменттерінің бірінің қызметкері ұсталғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна". 

Қордың мәліметінше, оның қамауға алынуы бұрынғы қызметіне байланысты.

Бұған дейін, 10 қарашада, қордың сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры Азамат Сембай мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының екі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ал 11 қарашада «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғаны белгілі болды.

Аталған тұлғалардың ұсталуына қатысты сауалға жауап берген Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын растады. Алайда ведомство күдіктілердің аты-жөнін жарияламады.

Пікірлер