“Антикор” таратылды. Жаңа құрылым қалай аталады?

1045
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dDODlxNpousaSVp9pV7Ll6KY1ZQyFA3MG2TBr1Ra.webp

Антикордың неге таратылғаны түсіндірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңадан құрылған құрылым «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» деп аталады. Қазіргі уақытта бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

«Бұл шешім сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді үйлестіріп, күшейту мақсатында қабылданды. Агенттіктің кейбір функциялары Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өз жұмысын бұрынғы тәртіпте жалғастыра береді. Барлық құқықтар мен міндеттер жаңа құрылымға толық берілгеннен кейін ғана агенттік қызметі толығымен тоқтатылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұрынғы төраға Асхат Жұмағалиға атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. Ол агенттікті 2023 жылдың сәуір айынан бастап басқарған еді.

Кейіннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Президент жарлығымен таратылды.

Пікірлер