Бишімбаев ісі. Сотталған Байжанбаев рақымшылық сұрады

886
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5zdlbdZXYUFbYX5pBFBfzlrVaR8TxjbJ1UrFdZVj.jpg

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов рақымшылық заңына сәйкес жаза мерзімін қысқартуды сұрап, өтініш берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың 9 шілдесінде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына рақымшылық туралы заң аясында жазасын қысқарту жөнінде өтініш түсірген. Қазіргі уақытта бұл өтінішті қарау мерзімі белгіленбеген.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі ретінде белгілі. Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген айыппен бас бостандығынан айырылған болатын. Оның атышулы ісі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Пікірлер